Қоғам

Кентаулық оқушы қыздың ақша салынған құтысы Құлсарыдағы музейге қойылды

Бұл — кішкентай қазақстандықтардың отаншылдық сезімінің символы

Кентаулық оқушы қыздың ақша салынған құтысы Құлсары қаласындағы музейге қойылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сілтеме жасап.

Жылыой ауданы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, кентаулық оқушы Гаухар Шаймерденнің ақша салған құтысы гуманитарлық көмекпен бірге жеткізілген. 

«Түркістан облысындағы Кентау қаласының кішкентай тұрғыны Гаухар Шаймерден ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына жіберді. Ол бұл құтыға 1 жыл бойы ақша жинаған. Теледидардан тасқын су басқан Ққлсары көріп, бар жинағын құлсарылықтарға жіберуге шешім қабылдаған. Бұл — кішкентай қазақстандықтардың отаншылдық сезімінің символы» деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

Құлсары қаласының тұрғындары Гаухар Шаймерденнің қаржысын жұмсамауды ұйғарған.

Оның ақша салынған құтысы аудандық «Атамұра» музейіне қойылды. 

Онымен бірге тағы бір балақай — Жігер Жамбылдың аманаты да аталған музейде сақталады. 

Еске сала кетейік, 11 жасар кентаулық қыз жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде берген болатын.