Таеквондошылар Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Отандастарымыз 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль иеленді.
Шахризода Акрамова (44 келіге дейін), Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін), Любовь Юн (68 келіге дейін), Азим Талғатов (45 келіге дейін), Алинұр Еркін (59 келіге дейін), Наурызбек Нұрғазиев (68 келіге дейін), Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.
Аяру Есенғали (42 келіге дейін), Сабина Туртулова (68 келіден жоғары), Бағдат Амангелдиев (48 келіге дейін), Павел Эм (63 келіге дейін), Тимур Рахпанов (73 келіге дейін), Жантөре Сағынғали (78 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Элеанора Шералы (55 келіге дейін), Жанна Палмахова (55 келіге дейін), Милана Мұханова (59 келіге дейін), Аяжан Таңжарық (63 келіге дейін), Нурила Жарас (68 келіге дейін), Аяна Жетес (68 келіге дейін), Марсело Лопес Тілеубай Әбділ (63 келіге дейін), Бекбау Махамбетәлі (78 келіге дейін) қола медальмен жарысты аяқтады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





