Экономика

Доллар 470 теңгеге дейін арзандады

0 шілде күні сағат 16:00 шамасында KASE-дегі USD/KZT бағамы 470,22 теңгені көрсетті. Бұл алдыңғы жабылу деңгейінен 0,31%-ға немесе шамамен 1,44 теңгеге төмен.

Сауда барысында доллардың бағасы 469,80–472 теңге аралығында құбылды. Нарықтағы доллар ұсынысының бағасы – 470,48 теңге. Сауда көлемі 165,1 млн долларға жетті.

Ал Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды шамамен 471 теңгеден сатып алып, 473–475,20 теңге аралығында сатып жатыр. Нақты баға айырбастау орны мен валюта көлеміне қарай өзгеруі мүмкін.

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры теңгенің биыл күткеннен берік болып тұрғанын атап өтті. Қор 2026 жылға арналған орташа доллар бағамы болжамын 531 теңгеден 497 теңгеге дейін жақсартты. Сарапшылар мұны Ұлттық қордан валюта сатудың жалғасуымен, квазимемлекеттік компаниялардың экспорттық түсімінің бір бөлігін ішкі нарықта сатуымен және елдің халықаралық резервтерінің өсуімен байланыстырады. Дегенмен қазіргі 470 теңге маңындағы бағам жыл бойы сақталады деген сөз емес – жылдық орташа көрсеткіш бұдан жоғары болуы мүмкін.