Зейнеткер кісі қолынан қаза тапты
Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.
Алматыдағы саябақтың бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.
«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.