Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Түркістан облысындағы тас жолда түнде екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты. Полиция тергеу бастады.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді тас жолында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде тас жолда Toyota Camry мен Volkswagen Passat соқтығысқан", – деп хабарлады полиция.
Апат салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты.
Департамент қазір барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын қосты. Тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданады.