жұма, 17 шілде, 2026 9:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді

«Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді
Фото: qazaqtoday.infо
Семей орманындағы өрт толық сөндірілді. 769 адам, 191 техника және 8 тікұшақ қатысты. Қазір локализация және толық жою жұмыстары жалғасуда.

17 шілде таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша, «Семей орманындағы» өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және сегіз тікұшақ жұмылдырылған. Экология министрлігінің хабарлауынша, барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында ашық жану сөндірілген, қазіргі уақытта жеке шірік ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде. Түн бойы жеке құрам өртті оқшаулау жұмыстарын жалғастырған. 

Өрт сөндіру басталғаннан бері авиация 219 рет су төгіп, өрт ошағына 474 тонна су жеткізген. Қазіргі таңда өртті толық оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар