бейсенбі, 16 шілде, 2026 18:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Семей орманында" орман алқабынан өрт шықты

"Семей орманында" орман алқабынан өрт шықты
Абай облысы ПД
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман алқабы өртеніп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «DosBolLike» балалар лагерінен 220 адам шұғыл эвакуацияланды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, өрт резерваттың Бородулиха филиалы Камышенка орманшылығының аумағында тұтанған. Лагерьден Семей қаласына қауіпсіз жерге жеткізілгендердің 190-ы – балалар, ал 30-ы – мекеме қызметкерлері. Қазіргі уақытта қызметтердің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жақын маңдағы Камышенка ауылына төнген қауіп сейілді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы жұмыстарды тікелей үйлестіру үшін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Абай облысына шұғыл аттанды. Үкімет басшысы министрлерге жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және тілсіз жаудың одан әрі таралуының алдын алу шараларын барынша күшейтуді тапсырды.

Алдын ала бағалау бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 гектарды құрап отыр. Тілсіз жаумен күреске Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті әкімдіктің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында 600 адам, 148 бірлік техника және 7 тікұшақ жұмыс істеуде. Авиация күшімен өрт ошақтарына жалпы көлемі 89 тонна суды құрайтын 81 рет су төгу жүзеге асырылды.

Полиция қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт орнына баратын жолдарды жапты. Бұл шара өрт сөндіру техникаларының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және тұрғындар қалдырған мүлікті тонаудан қорғау үшін қабылдануда. Барлық іс-шараларды үйлестіру мақсатында ҚР ТЖМ Жедел басқару орталығының базасында арнайы жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар