Қоғам

"Бағдагүл өз сөздері үшін сотта жауап береді": Динара Сәтжан сот ісі басталғанын мәлімдеді

Бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында өзі “Ақтөбелік емші” деп атаған әйелге қатысты сот ісі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бір ай бұрын сотқа талап арыз берілген. Ал бүгін Астана қаласында іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен.

Динара Сәтжан сөз бостандығы әркімнің конституциялық құқығы екенін, алайда ол өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермейтінін атап өтті.

Сондай-ақ тележүргізуші әлеуметтік желіде дауласудың орнына мәселені құқықтық алаңда шешуді жөн көретінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл әлеуметтік желіде Динара Сәтжан туралы бірнеше рет сыни пікір айтып, олардың арасында дау туындаған болатын. Қазіргі уақытта іс сот қарауында.