бейсенбі, 16 шілде, 2026 8:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызды пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызды пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com
Судья қылмыскерді 4 бап бойынша соттаған.

Ақмола облысында 9-сынып оқушысын пышақтап өлтірген 34 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жалғыз қызынан айырылған ана әділ шешім шыққанына көңілі толғанмен, жан жарасы енді жазылмайды деп, қылмыскерге лағнетін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Арнайы ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Ақмола облыстық соты істі жабық қарады. Судья қылмыскерді 4 бап бойынша соттаған. 16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу, кәмелетке толмаған адамды зорлау, қасақана өлтіру және сталкинг.

Айта кетейік, қанды оқиға өткен жылдың қарашасында Астана маңындағы Ынтымақ ауылында болған. Сол күні кешке 14 жастағы қыз танысының үйіне кетіпті. Артынша оны қанталаған күйде дүкенге "көмектесіңіздер" деп кірген жерінен тапқан. Соңғы екі күнде жасөспірімнің артынан аңдып жүрген қылмыскер сау жерін қалдырмай пышақтап тастаған. Сотталған азамат сол үйдің досы болған екен.

"Ешқашан бұрынғыдай болмайды. Өмірім қиындап кетті. Менің сүйікті қызым енді жоқ, оны ешқашан қайтара алмаймын. Ал оны өлтірген адам әрі қарай өмір сүре береді. Істі жан-жақты зерттеп, барлық мән-жайды мұқият анықтап, осы қылмыстың бетін ашқан тергеушіге алғысым шексіз. Әділ шешім шығарған сотқа ризамын", - дейді марқұм қыздың анасы Валентина Цындря.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар