Саясат

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді.

Жаңа үлгімен таныс болыңыз

 

Құжатта енді азаматтың жынысы мен азаматтығын жазу жоспарланып отыр.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. 
Атап айтқанда, жеке куәлікте енді оның иесінің жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 
Жеке куәліктің жаңа үлгісі: 

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. ҚР азаматының жеке куәлігінің ағымдағы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде және оның машинадаоқылатын аймағында кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты, көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген Ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жаңа жобаны жария талқылау мерзімі – 21 мамырға дейін.