Экономика

Доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,94 теңгеден сатып алынып, 474,86 теңгеден сатылып жатыр.

15 шілдедегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының бағамы төмендеді, деп хабарлайды Kurs.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат.

Еуроның сатып алу бағамы – 532,87 теңге, сату бағамы – 542,87 теңге.

Ресей рублі 5,65–5,95 теңге аралығында саудалануда.

Алматыда долларды сатып алу бағамы – 469,16 теңге, сату бағамы – 471,98 теңге.

Еуро 534,29–540,26 теңге аралығында саудалануда.

Рубльдің бағамы – 5,74–5,89 теңге.

Шымкентте доллар 469,43 теңгеден сатып алынып, 471,52 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның бағамы 533,32–539,32 теңге аралығында болса, рубль 5,76–5,83 теңгеден айырбасталуда.

Қазақстан Ұлттық банкінің 15 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 468,88 теңге, 1 еуро – 534,10 теңге, 1 Ресей рублі – 6,04 теңге.

14 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңгені құрады.