Қоғам

Астанада 20-дан аса рейс кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайы рейстерге қатысты соңғы ақпаратты ұсынды.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ұшуға тиіс 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктіріліп жатыр.

Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 біле алады.