Нұрай Серікбай ісіне қатысты тың деректер пайда болды
Бұл туралы отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеп отыр.
Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай Серікбайдың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Еске салсақ, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай көшеде ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Ол жарты жылдан бері сталкердің құрбаны болған. Оқиғадан кейін 28 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру», «Некеге мәжбүрлеу» (Адам ұрлау), «Сталкиң» (Аңду) айыбы тағылған.