Катонқарағайда өткен "Ақтанымын Алтайдың" республикалық ақындар айтысының қорытынды кешінде Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманға автокөлік табысталды, деп Oimaqnews.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтыс "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі аясында, көрнекті ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын қатысып, Жүрсін Ерман қазылар алқасына төрағалық етті.
Марапаттау рәсімінде Шығыс Қазақстан жұртшылығы қазақ айтысының дамуына ұзақ жыл еңбек сіңірген ақынға құрмет көрсетіп, көлік мінгізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сыйды Жүрсін Ерманға деген халықтың ықыласы мен ұлттық өнерге көрсетілген ерекше құрмет деп бағалады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды
- авторОймақ
- 26 тамыз, 2026






