Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship онлайн турнирін жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда Өзбекстан шахматшысы Афруза Хамдамованы айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Матч үш түрлі уақыт бақылауымен өтті. Алдымен 5+1 форматындағы блицте Асаубаева қарсыласынан 3,5:1,5 есебімен басым түсті.
Одан кейін 3+1 уақыт бақылауындағы партияларда да қазақстандық шахматшы сенімді ойын көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің шешуші бөлігі 1+1 форматындағы пул партияларымен жалғасты. Бұл кезеңде де Бибісара Асаубаева қарсыласына мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен үстем болды.
Осылайша, барлық үш кезеңде жеңіске жеткен қазақстандық гроссмейстер Women’s Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына шықты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






