жұма, 10 шілде, 2026 15:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркияда қаза тапқан Әдия Алмабектің денесі елге жеткізілді

Түркияда қаза тапқан Әдия Алмабектің денесі елге жеткізілді
Фото: magnific.com
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Түркияның Анталья қаласында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Әдия Алмабектің денесі елге жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаға байланысты қажетті консулдық көмек толық көлемде көрсетілгенін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, апаттан кейін Антальядағы Қазақстанның Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеу, Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасау және мәйітті елге қайтару жұмыстарын жедел ұйымдастырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Әдия Алмабектің денесі 17 маусымда Қазақстанға жеткізілген. Репатриация рәсімі толықтай тегін жүргізіліп, бұл іске марқұмның жұмыс берушісі мен серіктес ұйымдар қолдау көрсеткен.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайын Түркияның құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі бұл істі бақылауда ұстап, түрік тарапымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

Еске салайық, Әдия Алмабек Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде еңбек етіп жүрген кезінде жол апатының құрбаны болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар