Қоғам

"Байтақ" партиясы үміткерлер тізімін жариялады

Партиялық тізімдегі кандидаттардың орташа жасы – 46 жас.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы алдағы сайлауға ұсынатын партиялық тізімнің құрамын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Партия ұсынған тізімге барлығы 53 кандидат енген. Оның ішінде 41 ер адам, 12 әйел бар. Сондай-ақ тізімде 6 жас өкіл мен 2 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылған.

Жас ерекшелігіне қарай:

* 25-35 жас аралығында – 6 адам;
* 36-55 жас аралығында – 36 адам;
* 55 жастан асқандар – 11 адам.

Партиялық тізімдегі кандидаттардың орташа жасы – 46 жас.

Кәсіби құрамына келсек, тізімге:

* 14 эколог;
* 11 экономист;
* 10 заңгер;
* 8 білім және ғылым саласының өкілі;
* 5 мемлекеттік орган қызметкері;
* 5 өзге сала маманы енгізілген.

Партияның мәліметінше, кандидаттардың ішінде 5 адам бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған, ал 2 адам қазіргі таңда мәслихат депутаты болып табылады.

Партия өкілдері мұндай құрам экология, экономика, құқық, білім беру және мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибесі бар мамандарды біріктіретінін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қоғамның түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарының мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.