Спорт

Бүгін футбол алаңында кімдер кездеседі: плей-офф кезеңі жалғасуда

Аргентина құрамасы Мысырмен кездеседі.

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі жалғасуда. Бүгін, 7 шілдеде, 1/8 финалдың соңғы екі кездесуі өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

1/8 финал аясында әлем чемпионы Аргентина құрамасы Мысырмен кездеседі. Көпшілік бұл ойында Лионель Месси мен Мохамед Салахтың текетіресін тағатсыздана күтуде. Кездесу жеңімпазы ширек финалға жолдама алады.

Ал екінші матчта Швейцария құрамасы Колумбиямен күш сынасады. Бұл жұптың жеңімпазы да ширек финалға өтіп, Аргентина – Мысыр кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Осылайша, бүгінгі ойындардан кейін әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған барлық сегіз құрама толық анықталады. Турнирдің ширек финалдық кездесулері 9-11 шілде аралығында өтеді.