бейсенбі, 21 қараша, 2024 14:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейеді

Тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейеді
Фото: mobillegends.ne
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ең алдымен «Тау Самалы» шағын ауданындағы лай көшкіні туралы айтты.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ең алдымен «Тау Самалы» шағын ауданындағы лай көшкіні туралы айтты.

Шаһар басшысы қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін де жеткізді. Оның айтуынша:

«Тау Самалы» шағын ауданында қаза тапқан отбасының қаржылық міндеттемесі өтеледі. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру мен еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмек көрсетеді. Бұл отбасының шетелде оқитын үлкен ұлы Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, ата-анасының қаржылық міндеттемесін шешуге жәрдемдеседі».

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және «Тау Самалы» шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады.

Мәселен, 2022 жылдың маусым айында мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлердегі құрылысқа тыйым салуды ұсынып, қолдаған болатын.

«Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-уі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда», - деді Ерболат Досаев.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазір Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талабы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Кейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан төрт адамның денесін тапты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар