жексенбі, 5 шілде, 2026 19:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстау облысында жоғалған үш азамат аман-есен табылды

Маңғыстау облысында жоғалған үш азамат аман-есен табылды
Lada.kz
Осыған байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында Ақтаудан «Бекет-Ата» жерасты мешітіне бет алып, байланысқа шықпай қалған үш азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үш азамат 3 шілде күні жеңіл автокөлікпен жолға шығып, кейін олармен байланыс үзілген.

Осыған байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздестіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, полиция қызметкерлері, ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы және жоғалған азаматтардың туыстары жұмылдырылды.
Іздестіру нәтижесінде үш азамат Бейнеу ауылынан шамамен 35 шақырым жердегі Қыдырша-Ата қорымы маңынан табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың автокөлігі батпақты жерге батып қалған.
Жоғалған азаматтарды Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды шалғай аймақтарға жолға шығар алдында жақындарына бағыты мен қайту уақытын алдын ала хабарлауға, көліктің техникалық жағдайын тексеруге және өзімен бірге жеткілікті ауыз су, жанармай қоры мен толық қуатталған байланыс құралдарын алып жүруге шақырды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар