Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
- авторОймақ
- 29 маусым, 2026
- 551
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ана тілі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып
- авторОймақ
- 10 қараша, 2026
Жылыту маусымы басталды: Премьер-министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
- авторОймақ
- 10 қараша, 2026






