Жігер Ауыпбаевтың жары өзіне сын айтқандарға жауап берді
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, жеке өміріне қатысты айтылып жүрген түрлі болжамдар мен жағымсыз пікірлерге қатысты ойын ашық жеткізді.
Сондай-ақ ол өздеріне ақ тілегін арнап, шынайы қуаныштарына ортақтасып жүрген жандарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты.
Айта кетейік, соңғы уақытта Жігер Ауыпбаев пен оның жарының некесіне қатысты түрлі пікірлер әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, жұптың жас айырмашылығы да көпшіліктің назарын аударған.