жексенбі, 28 маусым, 2026 19:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген
istockphoto.com
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады. Шетелдік қонақтардың негізгі ағыны дәстүрлі түрде көршілес елдерден келген. Ең көп келуші Өзбекстаннан – 1,1 млн адам. Одан кейін Қырғызстан – 723,5 мың адам және Ресей – 564,7 мың адам.

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және басқа да орналастыру нысандарын қоса алғанда, 4 505 орналастыру нысаны жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады, оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдады.

Ең танымал курорттық бағыттар:

• Алматы тау кластері – 509,3 мың келуші;

• Щучинско-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;

• Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;

• Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;

• Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.

2026 жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 69,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ке артты.

Қазақстанда қонақүй секторы да дамуын жалғастыруда. Бүгінде елде 23 бес жұлдызды, 45 төрт жұлдызды және 26 үш жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар