Қоғам

Бишімбаев ісі бойынша жарыссөздер басталды

Судья жарыссөзде сөз сөйлеудің келесі тәртібін белгілеп берді

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сотта тараптардың жарыссөзі басталды.

Судья жарыссөзде сөз сөйлеудің келесі тәртібін белгілеп берді: ең алдымен жарыссөзде сөз айыптаушы тарапқа беріледі, одан кейін жәбірленуші сөз сөйлейді, одан кейін оның өкілдері, одан кейін сотталушылардың қорғаушылары, одан кейін сотталушы Бишімбаев және Байжанов сөз сөйлеуді  аяқтайды.

Сот жарыссөздері –  айыптаушы, жәбірленуші тарап және айыпталушылардың сөйлеген сөздерінен тұратын сот тергеуінің соңғы кезеңі.

Сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.