Қоғам

Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталатын болады

Байжановтың өзі тағылған айып бойынша кінәсін мойындамайды.

Судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (кісі өлтіру туралы хабарламау) бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын мәлімдеді. 

Судья  "Қылмыс туралы хабарламау бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша іс жүргізілетінін" айтты. 

Байжановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – қылмысты жасыру бойынша іс қаралатын болады.

Байжановтың өзі тағылған айып бойынша кінәсін мойындамайды.

Естеріңізде болса, 29 сәуірде прокурор Саяхат Нұрбеков айыптаушы тарап Байжановқа Қылмыстық кодекстің 434-бабы – «қылмыс туралы хабарламау» бойынша жартылай айып тағудан бас тартып, оған қатысты қылмыстық істі қарауды жалғастыру қажет деп санайтынын айтқан болатын. Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша – аса ауыр қылмысты «жасыру» қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Байжановқа «жасыру» және «хабарламау» баптары бойынша да айып тағылған еді.