Алматы облысында 33 адамды алдаған жер кадастры бөлімінің маманы сотталды
Алматы облысы Жамбыл аудандық сотында алаяқтық жасады (ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары) деп айыпталған А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Жамбыл аудандық сотының мәліметінше, 2024-2025 жылдары сотталушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің маманы бола тұра, өз құзыретін асыра пайдаланған, деп хабарлады Қазақпарат. Ол азаматтарға жер телімдерін арзан бағаға алып беретінін және үй құжаттарын заңдастырып беретінін айтып, жалған уәде берген. Осылайша, ол тұрғындардың сеніміне кіріп, 33 адамның ақшасын алдау арқылы алған.
Сотталушының кінәсі оның өз кінәсін мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен, ақша аударымдарының түбіртектерімен, қолхаттармен және бейнежазбалармен толық дәлелденген.