бейсенбі, 25 маусым, 2026 17:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Курьер болып жұмыс істеген әйел Шымкентке қайта оралды

Курьер болып жұмыс істеген әйел Шымкентке қайта оралды
әлеуметтік желіден
Олар мемлекет тарапынан жасалған ұсыныстардан бас тартып, өз еркімен Алматыдан кетіп қалған.

Алматыда құндақтағы нәрестесін құшақтап, курьер болып жұмыс істеген әйелдің отбасы Шымкент қаласына қайта оралды. Бұл жөнінде Сенатта өткен брифингте Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік желіде фотосы тарап, қоғамда үлкен талқылау тудырған оқиғадан кейін жергілікті билік өкілдері отбасына барып, көмек ұсынған. Алайда олар мемлекет тарапынан жасалған ұсыныстардан бас тартып, өз еркімен Алматыдан кетіп қалған.

"Бұл жарияланым шыққан бойда біз мемлекет тарапынан, Алматының әлеуметтік қорғау басқармасы атынан бірден әрекет еттік. Олар кездесіп, үйлеріне барды, жұмысқа орналастыру шараларын ұсынды. Отбасы бұдан бас тартты. Олар Алматыдан өздігінен кетті, қазір Шымкентте ата-анасымен бірге бұрынғыдай тұрып жатыр", – деді Ербол Тұяқбаев.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бұл отбасының 19 мамырда Шымкенттен Алматыға көшіп келгенін және туған қаласында жағдайлары жақсы болғанын айтқан еді. Бірінші вице-министр Тұяқбаев бұл деректердің жариялануы жеке мәліметтерді тарату заңын бұзу болып есептелмейтінін де атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар