Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Жол апаты 2026 жылдың 23 маусымында Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.
Алматы облысында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты 2026 жылдың 23 маусымында Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Haval» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Audi 100» көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан «Audi» жүргізушісі мен ішіндегі екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. «Haval» автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды, полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауына алынды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда жол-көлік оқиғаларының саны 127,5%-ға өскен. Жол апаттарынан зардап шеккендердің жалпы саны 49,2 мың адамға дейін ұлғайып отыр.