Бүгін ауа райы құбылмалы болады
Үш мегаполисте де жаңбыр жауады.
24 маусымда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Үш мегаполисте де жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
OpenWeather порталының болжамынша, Алматыда бүгін қатты жауын-шашын болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8 м/с шамасында болады.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с болады деп болжанып отыр.
Шымкентте де өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,9 м/с деңгейінде болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райына қарай киініп, қолшатыр алып жүруге кеңес береді.