Спорт

Месси рекорд жаңартты

Мирослав Клозенің (16 гол) 12 жылдан бері бұзылмай келген тарихи рекордын жаңартты.

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тың Арлингтон (Техас штаты) қаласында өткен әлем чемпионатының J тобындағы екінші тур матчында Австрия қақпасына екі гол соғып, турнир тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Кездесу барысында 38 жастағы футболшы дубль жасап, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Осылайша, Месси әлем біріншіліктерінде соққан голдар санын 18-ге жеткізіп, германиялық шабуылшы Мирослав Клозенің (16 гол) 12 жылдан бері бұзылмай келген тарихи рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Лионель Месси Клозенің бұл көрсеткішін бұған дейінгі Алжир құрамасына қарсы өткен матчта-ақ теңестірген болатын. Ол сол кездесуде хет-трик жасап, 16 гол шегіне шыққан еді. Қазіргі таңда бұл тарихи нәтижеге жақындауға мүмкіндігі бар жалғыз футболшы – еншісінде 16 голы бар Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе саналады.