Қоғам

Астаналық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл жалақы мен сыйақы төленіп келген

Астанада мектеп бухгалтерлеріне сот үкімі шықты. Олар бірнеше жыл жұмыс істемеген қызметкерлердің жалақысы мен сыйақысын аударып отырған.

Тексеру қорытындысы бойынша қала прокуратурасы мектептердің бірінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Сот қаскөйлерді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Олардан мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.