дүйсенбі, 22 маусым, 2026 11:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Францияда аптап ыстыққа байланысты далада ішімдік ішуге тыйым салынды

Францияда аптап ыстыққа байланысты далада ішімдік ішуге тыйым салынды
Фото: joinup.kz
Францияда қатты ыстыққа байланысты далада алкогольді өнім тұтынуға тыйым салынды.

Құтқару және медицина қызметкерлері ең осал топтарды қорғау үшін шара қабылдап жатыр.

Сонымен қатар Парижде саябақтар мен бақтар тұрғындар мен туристер үшін түні бойы ашық тұр. Әдетте олар жабық болатын.

Париж үшін ғана емес,  Францияның 30-дан астам басқа қаласы үшін ауа райы туралы ескерту жарияланды. Аптап ыстық басылмай жатқандықтан, алдағы күндері қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Апта басынан бері жалғасып келе жатқан аптап ыстық ондаған пойыздар мен мектептердің тоқтатылуына әкелді. Ауа райы қызметі маусым айындағы жағдайды "бұрын-соңды болмаған, тарихи және ерекше" деп атады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар