"15 күндей жындыханада жаттым": белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов өмірінде болған келеңсіз жайттар туралы сұхбатында айтты (видео)
- авторОймақ
- Бүгін, 11:23
- 13
Белгілі актер, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне қатысты айтылған айыптаулар мен Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған кикілжің туралы 2023 жылғы сұхбатында ашық айтқан еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Malim.kz.сайтына сілтеме жасап.
Нартай Аралбайұлының YouTube арнасындағы бағдарламада актер қомақты қаржыны иемденді деген айыптаулар өзіне ауыр тигенін жеткізді. Оның сөзінше, нақақтан жабылған жала денсаулығына қатты әсер еткен.
"Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Жасырғаным болса, "өзіңе де сол керек" дейтін едім, ал мұнда нақақтан жала жабылып, "не жаздым?" деп қапаландым. Қатты ауырдым, қиналдым, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің күйзелгенімді көріп, өздері терапиядан жүйке ауруын емдейтін бөлімге ауыстырды. Жындыханада 15 күндей жаттым. Мен емделіп жатқан кезде де тергеушілер келіп тергеді. Олар маған қысым көрсетті. Маған көп нәрсені мойындатпақ болды", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Актер сондай-ақ сол кезде Өнер академиясының ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлымен арадағы келіспеушіліктің қалай басталғанын айтып берді.
"Мен – академияға келген білімгерлерді қабылдайтын бөлімнің жетекшісімін. Оқуға келген абитуриенттер саны көп. Бір орынға елу адамдай таласады. Сонда маған "грантқа ілінуі тиіс" деп 11 адамның тізімін берді. Мен мұнша баланы ала алмаймын, үлкен, сыйлы адамдар сұраған болар, ары кетсе, екі баланы алайын дедім. Сөйтіп түнделетіп емтиханымды аяқтап келе жатсам, "Сен неге менің айтқанымды орындамайсың?" деп хабарласып тұр. Мен жағдайды түсіндірдім. Уәде берген екі адамды алдым, тізімдегі балалар көңілімнен шықпады, ертең ұят болатынын айттым. Сөйтсем, мені тыңдамайды. "Мені сен құртамын, шығарып жіберемін. Сен кімсің сонша?" дейді ректор. Содан соң мен де: "Біріншіден, маған "сен" деп сөйлейсің.Екіншіден, мен сенің басыбайлы құлыңмын ба? Мен Қазақстанның Халық әртісі, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов деген ағаңмын. Дікіңдемей сөз тыңдасайшы" десем, қоймайды. "Мен сенің орныңа басқа біреуді аламын" деді. Мен де эмоцияның адамымын. Телефонның арғы жағынан "Кетші бар на ..." дедім. Ертеңгі күні жағдайды түсіндірмек болып академияға бардым. Ректор әлі келмепті. Бір уақытта көліктен түсіп жатыр екен. Мен болған жағдай туралы түсінісейік деп ұсыныс айттым. Өзімді кіргізбей қойды. Бірге кіріп, кабинетіңде сөйлесейік дедім. Амандық-саулық жоқ, маған бір, аналарға бір қарады да: "Мынаны кіргізбеңдер" деді. Тағы шымкентше бір боқтадым да кетіп қалдым", – деп ағынан жарылды актер.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
«Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026
Айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026






