Спорт

Футболдан ӘЧ: Мексика өз тобында көш басына шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп жатқан Мексика— Оңтүстік Корея кездесуі аяқталды.

Екі құрама алғашқы турда жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алған еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде қайсысы басым түссе, топта көш бастайтыны анықталатын еді.

Кездесу барысында қарсыластар алғашқы кезеңде бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде мексикалық футболшылар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Луис Ромо қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Осылайша жалғыз гол кездесу тағдырын шешіп, Мексика 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бұл топта Чехия мен Оңтүстік Африка 1:1 есебіне қанағат білдірді.