Танымал әзілкеш Қайрат Нұртасқа өкпесі бар екенін айтты
"Ешқашан ешкімді күштеп шақырмаймын".
Әзілкеш, актер әрі «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында әнші Қайрат Нұртасқа ренішінің неден туындағанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің сөзінше, «Шаншар» театрының мерейтойлық кешіне кезінде театр сахнасынан танылған көптеген әнші шақырылған. Олардың басым бөлігі ұсынысты қабылдағанымен, Қайрат Нұртас концертке келмеген.
Уәлибек Әбдірайымов тіпті ренішін айту үшін Қайрат Нұртастың үйіне баруды да ойлағанын жасырмады. Алайда әріптестері райынан қайтарыпты.
Ол мұндай жағдайдың алғаш рет емес екенін айтып, бұған дейін ЭКСПО аясында ұйымдастырылған шарада да Қайрат Нұртастың уәдесінде тұрмағанын еске салды. Әзілкештің айтуынша, сол оқиғалардан кейін әншіге деген өкпесі қалып қойған.