Спорт

Өзбекстан әлем чемпионатындағы алғашқы тарихи голын соқты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының К тобындағы алғашқы тур матчында Өзбекстан құрамасы Колумиядан 1:3 есебімен жеңілді.

Кездесу Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтті. Ойынды 80 мыңнан астам жанкүйер тамашалады, деп хабарлады Informsprot.

Матчтың алғашқы бөлігінде колумбиялықтар басымдық танытып, допқа 72 пайыз иелік етті. Өзбекстан құрамасы бірінші таймда небәрі бір рет қана қақпа бағытына соққы жасады. 40-минутта Даниель Муньос Луис Диастың нәтижелі пасынан кейін есеп ашты.

Екінші таймда өзбек футболшылары таразы басын теңестіре алды. 60-минутта шабуылшы Эльдор Шомуродов қақпаға қауіпті соққы бағыттағанымен, қақпашы оны қайтара алды. Алайда допты бірінші болып жеткен Аббосбек Файзуллаев бос қақпаға тоғытып, Өзбекстанның әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын соқты.

Дегенмен, тең есеп ұзақ сақталмады. Араға бес минут салып, Луис Диас қарымта шабуылды нәтижелі аяқтап, Колумбияны қайтадан алға шығарды. Матч соңына қарай Хаминтон Кампас тағы бір гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 3:1.

Осылайша, алғашқы турдан кейін Колумбия құрамасы 3 ұпаймен К тобында көш бастады. Португалия мен ДР Конгоның еншісінде бір-бір ұпай болса, Өзбекстан әзірге соңғы орында тұр.

Екінші тур аясында 23 маусым күні Колумбия ДР Конгомен кездессе, Өзбекстан құрамасы Португалиямен күш сынасады.