Абылайхан Жүсіпов ширек финалға өтті
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасының боксшылары Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің үшінші жарыс күнінде бір жеңіске қол жеткізді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайанос Рейспен қолғап түйістірді. Кездесу қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Төрешілер жеңісті екіге жарылған шешіммен (4:1) Жүсіповке берді.
Өз кезегінде Серік Теміржанов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.
Теміржанов АҚШ өкілі Салим Эллис Бейге есе жіберді. Ал Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліс тапты.