Руханият

Айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан көз жұмды

Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Астана – Қостанай тасжолында болған ауыр жол апатынан белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар Астанадан таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шыққан.