Спорт

Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья бір түнде жұлдызға айналды

Қақпашының Instagram-дағы жеке парақшасына жазылушылар саны 50-мыңнан 5,5 млнға өскен

Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұл күндері АҚШ, Мексика және Канада елдерінде футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйгілі Испанияға құрамасына қарсы ойында қақпашы 7 сейв жасап, қақпасына гол өткізбей қойды. Осылайша, қос құраманың алғашқы турдағы ойынында есеп тіркелмеді.

Нәтижесінде бір түн ішінде қақпашының Instagram-дағы жеке парақшасына жазылушылар саны 50-мыңнан 5,5 млнға өскен. Футболсүйер қауым оның ойнына тәнті болып, ақжарма тілегін жаудырып жатыр.  40 жастағы голкипер Португалияның екінші дивизионындағы «Шавиш» клубында ойнайды. 

Айта кетерлігі, Испания құрамасы әлем чемпионатына 17 рет қатысып, 2010 жылы чемпион атанған. Ал 2024 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын.

Ал 530 мыңға жуық тұрғыны бар Кабо-Верде елінің басты құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Олар іріктеу кезеңінде Камерунды артта қалдырып, сенсация жасаған болатын.