Қоғам

Бас прокуратура Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды

 

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Кеше кешкісін әлеуметтік желіде ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Антикор БАҚ сауалдарына жауап бермеген еді. Бүгін таңертең телеграм-арналарда ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғанын Бас прокуратураның растағаны туралы ақпарат тарады. 

Бұған дейін Бас прокуратура ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екендігі айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер барысында Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған.