Қоғам

Коронавирус: Қазақстанда маска режимі қайта енгізіледі

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулы қабылдады.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Сонымен қатар құжатқа сәйкес адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.

Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі.