Қоғам

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

Астанада еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттардың басын қосқан Әділет партиясының II съезі өтті.

 Қатысушылар қатарында Жаңа адамдар көшбасшылары мен Қозғалыстың өңірлік Кампустарының өкілдері болды.

Съездің негізгі сәттерінің бірі – Жаңа адамдар Қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденованың Әділет партиясының мандат комиссиясының құрамына енуі болды. Осыған дейін ол партияның Саяси кеңесінің құрамына кірген еді. Мандат комиссиясының жұмысы съезді ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеуге және делегаттардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Съез барысында партияның дамуы, өңірлік құрылымдарды нығайту және әділеттілік, жауапкершілік пен жасампаз патриотизм құндылықтары төңірегінде белсенді азаматтарды біріктіру мәселелері талқыланды. Өңірлердің елдің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар азаматтық белсенділік пен бастамашылдықты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын басшылыққа алу қажеттігін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы шешімді қолдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, реформалардың жаңа кезеңінде барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштер ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегінде бірігуі тиіс. Бұл сөздер Қазақстан дамуының қазіргі кезеңін айқындайды.

Асель Баденова,

Әділет партиясының Саяси кеңесінің мүшесі: