Қоғам

Ертеңнен бастап электронды цифрлық қолтаңба өзгереді

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба беру тәртібіне қатысты құжатқа енгізілетін өзгерістер ертеңнен, яғни 30 сәуірден бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, Қазақстан ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшеді.

Жаңа стандарт аясында қазақстандықтар 30 сәуірден бастап электронды цифрлық қолтаңба алғанда жүйеге кіруге арналған AUTH RSA және қол қоюға мүмкіндік беретін RSA файлдарының орнына бір ғана GOST файлы ұсынылады. Бұл файл аталған екі қызметті де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте бұған дейін алынған қос файлды электронды цифрлық қолтаңбаны ауыстырудың қажеті жоқ екенін еске саламыз. Олар белгіленген уақыты аяқталғанға дейін жарамды болады.