"Менің пәтерімді қайтарсын": Шавкат Рахмоновтың әйелі жазба жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:38
- 15
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым тағы да әлеуметтік желіде отбасылық жанжалға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол бұрынғы енесінен балаларына тиесілі пәтер мен мүлікті қайтаруды талап етіп отыр.
Гүлайым Рахмонова Instagram Stories парақшасында Шавкат Рахмоновтың анасына арнап үндеу жариялады.
Ол мәселені адвокат арқылы бейбіт жолмен шешуге дайын екенін айтып, алайда жауап болмаған жағдайда «тиісті орындарға жүгінетінін» ескертті.
«Осы уақытқа дейін құрсағымдағы балам үшін үндемей, сабырмен күттім. Шавкаттың анасы менің пәтерімді және балаларға тиесілі дүниелерді қайтарсын! Мен ұлын қайтардым, енді ол пәтерді қайтарсын! Менің адвокатыммен байланысып, бәрін бейбіт түрде шешейік. Әйтпесе менің де жоғалтатын ештеңем жоқ (маған қатысты қорлайтын видеолар, жазбалар мен суреттер бар). Ал менің уақытым жоқ, балаларымды асырауым керек. Сіздердің кесірлеріңізден балалар аш отыр, дәрі-дәрмек алуға да шамамыз жетпейді. Ертең хабарласасыздар деп үміттенемін. Егер хабар болмаса, көпшілік алдында тиісті органдарға жүгінемін. Мен сіздің мені бақылап, бәрін оқып отырғаныңызды білемін», – деп жазды ол.
Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысындағы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы мен одан кейінгі сот процесінен кейін бірнеше рет қоғам назарында болды. Ол әлеуметтік желілерде жеке өмірі мен жұбайы Шавкат Рахмоновпен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып келеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






