бейсенбі, 11 маусым, 2026 13:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жәкішеваның қызы көпшіліктің сынына жауап берді

Жәкішеваның қызы көпшіліктің сынына жауап берді
Фото: Instagram/ altjj__
Ол оқырмандарына ізгі тілегін арнап, баршаға жан тыныштығы мен бақыт тіледі.

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева әлеуметтік желіде өзіне және жұбайына қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Лондонда өткен үйлену тойынан кейін желі қолданушылары күйеу жігіттің ұлты мен тегіне қатысты түрлі пікір білдірген. Осыған байланысты Алтынай Жәкішева арнайы жазба жариялап, махаббаттың ұлтқа, нәсілге немесе мемлекеттік шекараларға тәуелді емес екенін айтты.

Оның сөзінше, махаббат адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі болып саналады және адамдарды бөлмеуі керек.

Сондай-ақ ол қоғамда жеккөрушілік пен қорқыныштың белең алуына өкініш білдіріп, адамдарды бір-біріне түсіністікпен қарауға шақырды.

«Махаббат – адамның шынайы болмысы. Біз сүйіспеншілік үшін жаратылдық», – деп жазды ол.

Алтынай Жәкішева оқырмандарына ізгі тілегін арнап, баршаға жан тыныштығы мен бақыт тіледі.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішев те қызының таңдауын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ең бастысы – қызының бақытты болуы. Сонымен қатар ол құдаларымен танысып, олар туралы жылы пікір білдірген.

Айта кетейік, Алтынай Жәкішеваның үйлену тойы 2026 жылдың мамыр айында Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар