Бибісара Асаубаеваның "өз ақшама дайындалдым" деген мәлімдемесі шындыққа сай келмейді – министрлік
- авторОймақ
- Бүгін, 18:09
- 26
Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның президентке жолдаған үндеуінен кейін шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап.
Брифинг барысында спорт вице-министр Серік Жарасбаев мемлекет тарапынан бөлінген қаржының көлемін айтты. Жарасбаев сондай-ақ жарысқа өз ақшама дайындалдым деген мәлімдемесі шындыққа сай келмейтінін айтты.
«2025 жылы біз Бибісара Асаубаеваға дайындық барысында барлығы 160 миллионнан астам теңге бөлінсе, биыл жарты жылдың ішінде федерация мен қордың ақшасын бірге санағанда оған 210 миллион теңге бөлді. Сондықтан қазір оның жарысқа өз ақшама дайындалдым деген мәлімдемесі шындыққа сай келмейді», - деп атап көрсетті Жарасбаев.
Осылайша, биыл Асаубаеваға министрлік мен спортты қолдау қорынан 100 миллион теңге бөлінсе, федерация тарапынан 80 миллион теңге бөлінген.
«Сондай-ақ былтыр әлем чемпионы атанғаны үшін 25 млн теңге сыйақы ретінде берілді», - деді вице-министр.
Жарасбаев шахматшының жалақысы неліктен азайып қалғанын да түсіндіріп өтті.
«Бүгінде спортты дамыту дерекциясы арқылы ай сайын жалақысы төленіп тұрады. Ол расында да екі жыл бұрын екі есе көп болды. Бірақ қазір азайды, себебі шахмат басым спорт түрлеріне кірмейді. Былтыр президент арнайы заңға қол қойған болатын. Онда 46 басым спорт түрлері бекітілген. Оған шахмат кірмейді. Осыған байланысты жалақысы сәл азайды. Бірақ қалған қаражат толығымен төленіп жатыр», - деді ол.
Еске сала кетейік, шахматшы Бибісара Асаубаева «айлығым үш есеге қысқарды, федерация жалақы төлемеді» деп Президенттен көмек сұраған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





