ҰҚҚ Атырау қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтты
Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Комитет өкілдері әкім орынбасарының нақты қандай бап бойынша күдікке ілінгенін және қазіргі уақытта оның қандай процестік мәртебеде екенін ашып айтқан жоқ. Тергеу органдары істің егжей-тегжейін құпия ұстап отыр.
Бұған дейін "Ақ Жайық" басылымы өзінің бейресми дереккөздеріне сүйеніп, қылмыстық іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі қаржы фигурацияланатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ аталған іс бойынша екінші күдікті ретінде "Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың есімі аталуда.