Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 5,8 трлн теңгеден астам қаражат шығарып алған
- авторОймақ
- Бүгін, 10:53
- 14
Қазақстанда соңғы бес жарым жыл ішінде (2021 жылдан 2026 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта) тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 5,8 трлн теңгеден астам қаражат мерзімінен бұрын шығарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, зейнетақы жинағын алудың ең жоғары көрсеткіші реформа басталған алғашқы жылы, яғни 2021 жылы тіркелді. Ол кезде азаматтар қордан бірден 2,6 трлн теңгеге жуық қаражат алған (оның 2,4 трлн теңгеден астамы баспанаға бағытталды).
Жылдар бойынша БЖЗҚ-дан алынған қаражат динамикасы (млн теңге):

2022-2023 жылдары жеткіліктілік шегінің көтерілуіне байланысты қаражат алу үрдісі едәуір бәсеңдегенімен, 2025 жылы белсенділік қайта артып, бір жылда қордан шығарылған сома тағы да 1 трлн теңгеден асып жығылды. Ал 2026 жылдың алғашқы 5 айында (31 мамырдағы жағдай бойынша) тағы 318,5 млрд теңгеден астам қаржы мақсатты түрде пайдаланылған.
Сарапшылардың атап өтуінше, осы жылдары мақсатты бағдарламаларға алынған қаражат көлемі азаматтарды тікелей зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті кейбір жылдары қордан мерзімінен бұрын шығарылған ақша көлемі БЖЗҚ-ға жаңадан түскен жалпы жарналар көлемінен де асып кеткен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





