дүйсенбі, 8 маусым, 2026 19:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда мектеп оқулықтары жаңартылады

Қазақстанда мектеп оқулықтары  жаңартылады
видео скрин
Бұл туралы 24KZ арнасы мәлімдеді.

Қазақстанда мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 24KZ арнасы мәлімдеді.  Биыл 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. Ал келесі жылы 1 және 5-сыныптарға жаңа оқулықтар шығарылып, 10–11-сыныптардың оқу материалдары қайта қаралады. Сонымен қатар тарихи, әкімшілік және экономикалық деректерге қатысты карталар толық ауыстырылады. 2028 жылы жаңарту 2 және 6-сыныптарды қамтиды.  

Министрдің айтуынша, мұндай кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс білім сапасын арттыруға және қазіргі экономикада сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін, оның ішінде дуалды оқытуды дамытуға басымдық беріледі.  

Бұдан бөлек, тәрбие жұмысы «Адал азамат» бағдарламасын енгізу арқылы күшейтіледі. Оқушылар үшін Конституция негіздері, заң және экологиялық мәдениет бағыттары бойынша жаңа курстар да енгізіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар