сенбі, 23 қараша, 2024 14:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Футболдан «қарттар» чемпионаты өтеді

Футболдан «қарттар»  чемпионаты өтеді
(C)Getty Images
Биыл жазда жасы 35 тен асқан футболшылар арасында әлем чемипонаты өтеді.

Daily Mail-дің жазуына қарағанда  чемпионатқа 8 команда қатысады. Жарыс Англияда 4-11 маусым аралығында өтеді екен.

Жарысқа  жасы 35 тен асқан, ұлттық құрамалар сапында ойнаған немесе  жоғарғы лигада 100 ден көп ойын өткізген футболшылар қатысады. Әр мачтың ойын уақыты 70 минут болып белгіленген. Командалар әдеттегідей алаңға 11 ойыншыдан шығарады.

Чемпионатқа қатысатын 8 команданың ойыншылары  қазірдің өзінде анықтала бастаған сыңайлы. Айталық  Англия  құрамасында Стив Макманаман, Робби Фаулер, Майкл Оуэн, Эшли Коул, Джо Коул, Рио Фердинанд, Фрэнк Лэмпард, Дэвид Джеймс ойнайды. Ал Аргентина сапында  Эстебан Камбьяссо, Эрнан Креспо, Пабло Сабалета өнер көрсетпек. Бразилия құрамасында Эмерсон, Кака, Роналдиньо, Роберто Карлос, Ривалдо бар екен. Германия атынан  Кевин Кураньи, Месут Озил, Сами Хедира ойнамақ. Испания  алаңға Мичел Сальгадо, Давид Вилья, Карлес Пуйоль, Икер Касильясты шығаруы мүмкін. Бірақ Касильясқа қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Ол ойынға қатысу үшін дәрігерлер рұқсат беруі керек. Өйткені оның жүрегінде ақау бар екені анықталған.

Чемпионатта Италия сапында Марко Матерацци, Фабио Каннаваро, Франческо Тотти ойнаса, Уругвай құрамасында Диего Лугано, Диего Форлан өнер көрсетеді. Франция намысын Кристиан Карамбё, Тьерри Анри, Марсель Десайи қорғайтыны жөнінде ақпарат бар. Дегенмен  құрамалар сапы әлі де толығуы мүмкін. Өйткені әзірге  ешбір құраманың ойыншылар тізімі толық емес.

Oimaqnews

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар